Үлкен сауаптан үміт мол

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с): «Рамазан айында ауызы берік адамға су беріп, ауыз аштырған адам анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады», – деген екен. Шынында да, ауызашар берудің сауабы орасан зор. Ораза сайын осындай сауапқа кенеліп жүрген азаматтар аз емес.
Оразаның бесінші күні Петропавл қаласының бірнеше кәсіпкер «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берді. Мешіттің үлкен асханасы мен екі киіз үйде берілген ауызашарға 300-дей адам жиналды.ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ораза парызының қыр-сыры хақында уағыз айтты.

Return to Top ▲Return to Top ▲