Қасиетті Рамазан айында облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде берілген алғашқы ауызашар

Соңғы жылдары қалыптаса бастаған дәстүрге сай биыл қасиетті рамазан айының бірінщі ораза күннің ауызашарың Қызылжар орталық мешіті берді.

Арнайы шақырылған қонақтар және ақшам намазынан шыққан жамағат мешіттің екі асханасын ғана емес, аулаға тігілген екі киіз үйді де лық толтырды.

Сауапты шара – ауызашарға жиналған жұртшылықты Рамазан айымен басталуымен құттықтаушылар көп болды: облыстың құрметті азаматтары және қажы аналар, тағы басқалары. Мұсылман диаспораларының жетекшілері де лебіздерін білдірді. Олардан соң сөз алған ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының құттықтап білдірген алғысы жүректерге жетіп жатты.

Мереке сияқты өткізілген ауызашардың соңы марапатқа ұласты. Дінімізді өркендетуге және салт-дәстүрлерімізді дәріптеуге үлес қосып жүрген қайырымды азаматтарға ҚМДБ-ның облыстық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Return to Top ▲Return to Top ▲