2017 жылы ана мен бала өлімі 1,5 есеге дейін төмендейді – Президет

2017 жылы еліміздегі ана мен бала өлімі 1,5 есеге дейін төмендейді. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан ХДП кезектен тыс 14 съезі барысында сөз сөйлеген Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау жүйесі алдағы жылдары 300 емдеу амбулаториялары және 50 емханамен толыға түседі. Әрбір облыста жедел көліктік медицина енгізіліп, оған авиациялар да тартылады. «Денсаулық» медицина пойыздарының саны артады. Барлық қазақстандықтарға сапалы медициналық қызметке қол жетімділіктің теңдей жағдайы қамтылады. Осының арқасында 2017 жылы ана мен бала өлімі 1,5 есеге төмендейді», – деді Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспарында» ұлт денсаулығы басым бағыттың бірі ретінде қарастырылып отыр. Ондағы басты көрсеткіш – жалпы өлімді кем дегенде 15 пайызға азайтып, өмір сүрудің орташа ұзақтығын 70 жасқа дейін өсіру.

inform.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲