100 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН СЫЙЫ» ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан айының қарсаңында Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

«Рамазан сыйы» деп аталатын ізгі шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Бас мүфти Жаңақорған тұрғындарын келе жатқан Рамазан айымен құттықтап, қайырымдылық шарасына ұйытқы болған мешіт имамдары мен жомарт азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетейк, акция аясында 100 отбасыға азық-түлік қораптары таратылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲