Өңірімізде ең алғаш рет Құран қарилардың жарысы өтуде

Қазақстан мұсылмандары діни  басқармасының бастамасымен  Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде өңіріміздің біртуар тумасы, қари  Ғабдулбари Төлегенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған  Құран қарилардың жарысы басталды.

Игі іс-шара Нұр Мүбәрак Египет  ислам мәдениеті  университетінің ұстазы, доктор Ғимад  Мухаммед   құран оқып, кейін   намазхан қажы апаларымыз шашуларын шашты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан    облысы бойынша өкіл имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы Құран жарысына келген қонақтарды құттықтап, Құран жарысына қатысушы қариларға сәттілік тіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының  шариғат пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанұлы  жарыстың жоғары деңгейде өтуіне  тікелей қолдау көрсеткен  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының солтүстікқазақстандықтарға  арнайы   сәлемін жеткізді.

«Қымбатты қарилар! Бүгінгі байқауда абыроймен топ жаруларыңызға тілектеспін. Бүгінгі сыннан сүрінбей өтетіндеріңізге мен сенемін. Сіздерге Алла жар болсын!…. » деді Сансызбай Шоқанұлы.

Салт-дәстүріміздің нышаны ретінде қарилардың құран оқу тәртібін анықтау үшін реттік саны жазылған асықпен жеребе тартылды. Жеребеге сәйкес әрбір қари қапшықтан өзінің реттік санын алып, Құран оқу кезегін анықтады.

Еліміздің әр облысынан келген 30 қари   арасында жарыс басталып кетті.

Республикалық Құран жарысы екі күнге жалғасады.

DSC04656DSC04660DSC04671DSC04651DSC04674DSC04685

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

Баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲