Қазақ халқы «Байлық байлық емес, бірлік байлық», дейді. Яғни, біз үшін елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығынан артық қазына болған емес. Тәуелсіздік алғаннан кейін де ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін жәбірлемей, тұрақтылықты нығайтып келеміз. Елбасының өзі «Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болуы керек», деген еді. ҚМДБ-ның өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы – өңіріміздегі келісім мен тұрақтылықты нығайтуға өзіндік үлес қосып отырғандардың бірі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов ҚХА филиалының сессиясында «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбайға «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде табыс етті.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.