Әскери институттағы «Дөңгелек үстел»

2016 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясы Әскери институтында «Қазақстанда радикалды, жалған дiни және деструктивтi ағымдардың қауiптiлiгi және әрекет ету түрлерi» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткiзiлдi.

Дөңгелек үстел өткiзудiң мақсаты — оған қатысушыларды әлемдегi экстремизм мен терроризм көрiнiстерiнiң қазiргi жағдайы мен негiзгi беталысы туралы хабардар ету, әскери қызметшiлердiң негiзге алынатын имани құндылығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясының рухани негiзi ретiнде құқықтық сана мен патриотизм идеясын қалыптастыру. Дөңгелек үстелдiң модераторы Әскери институттың бастығы, әскери ғылым докторы, профессор, полковник Ж.Х. Ахметов болды.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға Қазақстан Республикасының аумағындағы деструктивтi дiни ұйымдардың әрекетi туралы әдебиет көрмесiн, бейнероликтер көру ұсынылды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Ұлттық Гвардиясы Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор М.К. Сатов, Петропавл гарнизонының әскери прокуроры, әдiлет подполковнигi Т.С. Бекбергенов, СҚО IIД экстремизмге қарсы күрес жөнiндегi бөлiмiнiң аса маңызды iстер бойынша аға жедел уәкiлi, полиция подполковнигi А.К. Амренова, дiн iстерi басқармасы басшысының м.а. Б.С. Мұқанова, «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ бөлiм басшысы А.М. Жұмағалиева, «Демеу» қоғамдық қорының психологы Р.С. Баймұхаметова, облыстық «Қызылжар» орталық мешiтiнiң теологы Х.Х. Әдiлбеков, Әскери институттың әскери-ғылыми бөлiмiнiң профессоры С.К. Сүлейменова, Әскери институттың 221 оқу тобының курсанты У.С. Жаукенов қатысты әрi сөз сөйледi.

Әскери институттағы «Дөңгелек үстел»

Әскери институттағы «Дөңгелек үстел»

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲