Тәнің,нәпсің—бәрі де тынығатын оразада әдеттегі екі демалыс босқа өтпейді:міндетті түрде ауызашар беріледі.Сондықтан сенбі күні әзірбайжан диаспорасы мешітіміздің кең асханасын жамағатқа толтырды.250 адам қатысқан шарада қарттар да,жастар да аз болған жоқ.ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ораза парызының маңызы хақында уағыз-насихат айтты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі