«Әжелер мектебінің меймандары – жастар»

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде биыл құрылған «Әжелер мектебінің» белсенділігі Рамазан айында да бәсең емес. Оразаның алғашқы он күні аяқталған тұста «Әжелер мектебінің» өкілдері «Қызылжар» орталық мешітінің ауласында тігілген екі киіз үйде ауызашар берді. Оған негізінен орталық мешітінің жас жамағатының өкілдері қатысты.

Ауызашарға тоғысқандарға қажы аналар атынан Рамазан айымен құттықтау лебізі білдіріліп, жастар тәрбиесіне қатысты ойлар ортаға салынды. Атап айтқанда, «Нұр-Мүбәрак» университетін биыл бітіріп, «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы қызметіне қабылданған Ажар Батырова қыз тәрбиесі хақында уағыз айтты. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының доценті Мендыкыз Есматова оның ойын толықтыра түсті.

dsc06003

dsc05978

dsc06002

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲