Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні Петропавл қалалық қазақ мектеп-гимназиясында «Әбу Ханифа мазһабы – Қазақстан мұсылмандарының мұрасы» атты конференция өтті. Оған облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков, қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Әбілхан Жапишев, ДІБ-ның ақпараттық-насихаттау жұмысы жөнiндегi бөлiмiнің басшысы Нұрислам Ғабдуллин, СҚО ардагерлер кеңесiнің мүшесі Амангелді Кенжеғозинов, сондай-ақ білім ордаларының басшылары мен мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияның көздеген мақсаты – өскелең ұрпаққа қазақтың әдет-ғұрпымен біте қайнасқан ханафи мазһабының құндылықтары мен ерекшеліктерін жеткізе отырып, жастардың діни радикализм, экстремизм және лаңкестік идеялардың енуінің алдын-алу және ескерту.
«Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, елдің болашағы, мемлекеттің негізгі тірегі болған жастарымызға жастайынан-ақ дұрыс тәрбие беру, тура жол нұсқау – баса назар аударарлық жайт. Сондықтан жергілікті әкімшіліктің қолдауымен өңіріміздің Білім басқармасы аталмыш шараны ұйымдастырып, арнайы шақыртылған дін мамандарының жас ұрпаққа айтар ұлағатты уағыздарын жеткізуде үлкен үлестерін қосты.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі