ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Құрбан айт – ұлық мереке. Бұл күннің артықшылығын әрбір адам сезінуі қажет. Сондықтан бұл мейрамды лайықты атап өту үшін демалыс берілуі де тегін емес. Құрбан айт мерекесі облыс орталығында ғана емес, аудандарда да өз деңгейінде өтті.

Атап айтар болсақ, Жамбыл, Ғабит Мүсірепов, Тайынша, Ақжар  аудандарында Құрбан айтқа орай мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Аудан орталықтарындағы Мәдениет үйлерінде концерттік бағдарламалар көрсетілді. Ауылдың үлкен-кішісіне арнап имандылық тақырыбында ән-жыр айтылды, бас имамдар құттықтау лебіздерін жеткізді. Балалар да бұл күні спорттық шараларға белсене қатысып, жарыстың көрігін қыздырды. Үлкендер де тартынып қалған жоқ, қол күрестіріп, гір көтеріп, күш сынасты. Кейбір аудандарда ауыл жігіттері көкпар тартып, ат үстінде өнер көрсетті.  Ең бастысы, әрбір тұрғын мешітте жайылған дастарқаннан дәм тата алды. Мейірім мерекесінде жоқ-жітікке қарасу – ізгі дәстүр. Сондықтан тұрмысы төмен отбасыларға құрбандыққа шалынған мал етінен таратылды.

Return to Top ▲Return to Top ▲