Ұлттық тәрбие – баға жетпес құндылық

Ағымдағы жылдың 5 сәуір күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде «Ұлттық тәрбие – баға жетпес құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық Дін істері басқармасынан, «Нұр Отан» ХДП-ның СҚО бойынша филиалынан, кәмелетке жасы толмағандармен жұмыс бөлімінен, құқық қорғау органдарынан өкілдер, сондай-ақ оқу ордаларының басшылары мен оқытушылары және өңіріміздің құрметті азаматы, ардагер, жазушы Мәжітов Әлімжан аға қатысты.

Әр салада ұлттық салт-дәстүрлерімізді жандандыруды мақсат тұтқан бұл кездесуде қатысушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, ойларымен бөлісті. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы ұйымдастырған жиында жастар үшін ұлттық тәрбие берудің маңыздылығын айта отырып, ата-ананың, ұстаздардың, дін қызметкерлерінің бұл бағытта атқарар міндеттердің рөлі зор екенін атап өтті.

Өскелең ұрпақты салт-дәстүрлерімізді құрметтейтін, ұлттық санасы қалыптасқан болып тәрбиелесек, әрине ол баланың көзі ашық, көкірегі ояу, отансүйгіш, дініне берік және ең бастысы жаман қылық пен қылмыстан ада болып өсетіні айдан анық. Сондықтан дөңгелек үстелге қатысушылар бір бітімге келіп, жақын арада аталмыш тақырып аясында кең ауқымды кездесулер ұйымдастыруды жоспарлады.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲