Ұлттық банктің филиалы ауызашар берді

Ораза ұстағандарға ауызашар берудің сауабы орасан зор екендігі ақиқат. Хадисте айтылғандай, ауыз аштырғанға ораза ұстаған кісінің сауабындай сауап жазылады. Осындай игілікті істен қалыс қалып көрмеген ұлттық банктің облыстық филиалының ұжымы биыл да оразаның бас кезінде ауызашар берді. «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен осы ғибадат орнының үлкен асханасында өткізілген ауызашарға жамағат көп жиналды. Оларды Қадірменді қариялардың бірі – Тілек Әбдрахманов Рамазан айымен құттықтап, игі тілегін білдірді. Одан кейін сөз алған ұлттық банк филиалының директоры Мирас Жұмашев үй иесіне періштелер дұға жасайтын ауызашарға Қызылжар жамағатының көп жиналғанына ризашылығын айтты. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы құттықтау лебізін білдірумен бірге Рамазан айына қатысты уағыз айтты.

dsc05582

dsc05631

dsc05611

dsc05615

dsc05589

dsc05623

dsc05535

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲