Ү.ж 10-мамырында, яғни қасиетті Рамазан айының 5-күні «Қызылжар» орталық мешітінде Амиршоев Анваршох қажының бастауымен «Тәжік» ұлтының диаспорасы ауызашар дастарханын жайды. Ауызашарға 500-ге жуық адам жиналып, ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілі, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы жиналған жамағатқа уағызын айтып, ұйымдастырушы «Тәжік» диаспорасына алғысын білдірді.