ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен іске асқан «QURBAN-2021» онлайн қайырымдылық акциясы аясында және оффлайн режимде Солтүстік Қазақстан облысында 266 уақ мал (261 қой, 5 ешкі), 19 ірі қара (сиыр) құрбандыққа шалынып, 5144 отбасыға астам құрбандық еті таратылып, көмек көрсетілді.
Бұл көрсеткіш Құрбан айттың үш күнінде онлайн құрбандық шалу рәсімін карантиндік талаптарды сақтау үшін іске қосылған Qurban2021.kz сайты арқылы және оффлайн режимде де жүзеге асты. Қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізілді. Одан өзге қала мешіттеріне тұрғындар тарапынан әкелінген ет мұқтаж отбасыларға үлестірілді.
Құрбандық етін қуана қабыл алған қала тұрғындары да онлайн қайырымдылық шарасын ұйымдастырғандарға Алланың разылығы мен сауабын тіледі.