Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні, оның өнегелі өмір жолын жан-жақты түсіндіретін, Исламның асыл құндылықтарын насихаттайтын рухани мерекеге айналды. Солтүстік Қазақсатан облысы, Қызылжар ауданының Пеньково ауылдық округіндегі «Қадыр» мешітінде және Бәйтерек ауылдық округінде Мәуліт мерекесі аталып өтті. Бұл мерекеге осы ауылдын дін жанашыры Ауталипов Болат деген азаматтың демеушілігімен өткізілді. Оған Қызылжар аудандық «Кәусар» мешітінің бас имамы Қадырбек Шарипов қатысып, Пайғамбарымыздың көркем мінезі, өнегелі өмірі жайында уағыз айтты. Алыс-жақын ауылдардан келген дүйім жұртқа осы ауданың найб имамы Жилкайдаров Адай ата-бабаларының рухтарына Құран бағыштап берді. Мәуліт мерекесіне арнап мал сойылып, ас берілді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі