Үстіміздегі жылдың 11 сәуірі күні облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша әйел-қыздар арасында құран сайысы өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Құран сайысына қатысушы әйел қыздарға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Құран сайысында I, II, III орын алған жеңімпаздарға сыйақы беріліп, қатысқан барлық үміткерлерге өкіл имам сертификат табыстады.