«ҚЫЗЫЛЖАРДА» –КҮН САЙЫН АУЫЗАШАР

Шіркін, ауызашар деген ғажап қой: алдыңдағы бір жұтым суды алғаш рет ішіп тұрғандай керемет күй кешесің.Сол судың өңештен өткенін,асқазанға жеткенін саусақтарыңның ұшына дейін сезінеді.Ал күнделікті асың ең дәмді тағам болып көрінеді.

Міне, осындай ауызашар «Қызылжар» орталық мешітінде ораза бойы бір толастамайды.Бұл дәстүр биыл да бұлжыған жоқ: ауызашар беру оразаның алғашқы күні-ақ басталды.Алғашқы ауызашарға облыс әкімі Ерік Сұлтанов та қатысты.ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының кіріспе сөзінен кейін ол ауызашарға жиналғандарды оразаның басталуымен құттықтады.Онда Сапура  Тәшенова,Зейнолла Олжабаев,Бәйкен Кәдірбаев сияқты қажылар,мұсылман диаспораларының өкілдері және басқалары тілектерін білдірді.Қызылжардың намазхандары,зиялы қауымның өкілдері көптеп жиналған ауызашардың соңында осы мешіттің наиб имамы,қари Мұхаммад Файзиев аят оқыды.

Алғашқы ауызашарға 600 адам қатысты.Жоғарыда айтылғанындай,жекелеген адамдар,ұйымдар және диаспоралардың өкілдері мешітімізде күн сайын ауызашар беретін болады.

DSC09030 DSC08975 DSC08964 DSC08951 DSC08940

«Қызылжар» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲