Қызылжардағы семинар

Өңіріміздегі қала, аудан және ауыл имам-молдаларына арналған семинардың екінші күні теолог-исламтанушы Ершат Ағыбайұлының «Әбу Ханифа мәзһабы және қазақ салт-дәстүрі» тақырыбында дайындаған дәрісті слайд арқылы көрсетумен басталды. Бұл дәрістен имамдар көп мағлұмат алды.

Ал ҚМДБ-ның мешіт істері жөніндегі меңгерушісі Ербол Сағиұлы имам-молдаларға ҚР-ның заңнамасына сай мешіттерді тіркеу, қайта тіркеуден өткізудің тәртібі туралы, жарғы, ереже, сенімхат жайлы түсіндірме жұмыстарын өткізді.

DSC06403

Сондай-ақ дін қызметкерлерімен арнайы кездесіп, елді-мекендердің діни ахуалымен танысу үшін семинарға облыс әкімі Самат Сапарбекұлы Ескендіров те келді. ҚМДБ өкілі Ербол Сағиұлы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жеткізіп, Мүфти хазреттің берген тапсырмасының жүзеге асырылуының бірден-бір көрінісі ретінде осы өткізіліп жатқан семинарды атап өтіп, бұл игі шараның ұйымдастыруына ұйтқы болған облыс имамы Кенжетай қажы Байкемелұлына өз атынан ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ дінаралық, ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында Ербол Сағиұлы өңіріміздегі түрік, тәжік, қырғыз, ауған диаспораларының өкілдерімен облыстық мешітте дөңгелек үстел жасап, кездесу өткізді.

Түстен кейін Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының 19 сессиясы өткізіліп, оған ҚМДБ-ның мешіт істері жөніндегі меңгерушісі Ербол Сағиұлы, облыс имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы және аудан имамдары қатысты. Сондай-ақ сессияға басқа да дін мен конфессия өкілдері, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Кешке ақшам намазынан кейін Ербол Сағиұлы аудан, ауыл имам-молдаларына уағыз айтты.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲