Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні Шал ақын аудандық «Сейдахмет хазрет» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу асы берілді. Аталмыш шараға аудан әкімі М.Омаров және ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар қатысты. Бас имам Ш.Шаймерденов кіріспе сөз сөйлеп, қанқұйлы жылдардың жазықсыз құрбандары болған азаматтарға арнап құран оқыды. Өз кезегінде ауданымызға көп қызмет атқарған, қазіргі таңда зейнеткер Тұрар Оразалин мен Ғабит Қоңырбаев тақырыпқа байланысты терең ойларын ортаға салып, сол кездегі жазықсыз жапа шеккен жандардың басына түскен тауқыметі мен адам төзбес қиыншылықтарды арқалап өткен қазақтың қайсар мінезді азаматтарын айтып өтті.