ҚМДБ: Діни сауат ашу курстарының ұстаздарына семинар өтті

 

Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевтің төрағалығымен еліміз бойынша мешіттер жанынан ашылған сауат ашу курстарының ұстаздарына арнайы семинар ұйымдастырылды.

«Аллаға шүкір, Тәуелсіздік жылдарында дініміз бен тілімізді қайта жаңғырттық. Діни білім беру саласын бір жүйеге, бір ізге келтірдік. Бүгінде мешіт жанынан сауат ашу курстары ашылып, халқымызға діни білім берілуде. Бүгін біз Діни басқарма тарихында тұңғыш рет 2020 жылға дейін діни білімді жетілдіруге арналған тарихи құжатымызды, яғни Тұжырымдама қабылдадық. Бұл – үлкен нығмет, үлкен жаңалық, тарихи бастама», – деп атап өтті Ғылымбек Мәжиев.

Семинарда Дін істері комитеті жанындағы Діндер мен дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы, медресе ұстаздары, діни сауат ашу курстарының теолог-ғалымдары баяндама жасап, діни оқу-ағарту саласы бойынша ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Қызылжар өңірінен мешіт ұстазы Хамзат Әділбеков қатысты.

Айта кетейік, Республикамыз бойынша 751 мешітте діни сауат ашу курстары жұмыс істеуде. Аталған курстарда 2015 жылы 48 000 адам сауат ашты.

www.muftyat.kz




 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲