ҚМДБ делегациясы Иран мемлекетіне іс сапармен барды

Иран мемлекетінің астанасы Тегеранда 7-ші қаңтардан бастап «Ислам үмметінің бірлігі» атты халықаралық конференция өтуде. Аталмыш конференцияға 71 ислам мемлекетінен дін өкілдері мен мемлекет қызметкерлері қатысуда.

Елімізден Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы арнайы Діни басқарма тарапынан конференцияға шақыртумен барды.

Конференцияда мұсылмандардың қазіргі жағдайы мен бірлік мәселелері талқылануда. Сонымен қатар, Тигран қаласында өтетін үш күндік конференцияда жастар мәселесі, исламдағы әйелдің орны, экономика, мазхабтардың арасын жақындату сияқты өзекті мәселелер талқыланады.

muftyat.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲