ҚМДБ: Астанада РАНТ өкілдеріне арналған республикалық конференция өтеді

2016 жылдың ақпан айының соңында Елордада Қазақстан мұсылманадары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелеріне арналған «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференция өтеді.

Айтулы басқосуға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, тарихшы-ғалымдар, белгілі дінтанушылар, РАНТ өкілдері қатыспақ.

Конференцияда наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, өзге де ғалымдар, дінтанушылар дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігі, сөйлеу өнері, уағыз айтудың әдебі, ақпарат құралдарымен жұмыс істеу тәсілдері, дін және салт-дәстүр, дін және тарих, т.б. тақырыптар төңірегінде дәріс оқып, ойларымен бөліседі.

Айта кетейік, құрамында 300-ге жуық дінтанушысы бар РАНТ мен ЖАНТ-тың (жергілікті ақпараттық-насихат топтары) жүйелі жұмыстарының нәтижесінде 2015 жылы барлық аймақта 41 517 кездесу өткізілді. Осы түсіндіру шараларына 1 648 163 адам қатысты.

РАНТ жетекшісі – ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров.

 

muftyat.kz

_001

_48A6055

         «Қызылжар» орталық мешітінің

          баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲