Қасиетті Рамазан айында cәуірдің 17-нен 18 – не қараған түн Ләйләтүл-Қадр, яғни Қадір түні аталып өтті.
ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, орталық «Қызылжар» мешітінде Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтіп, жиылған жамағатқа арналып бірнеше шаралар ұйымдастырылды,
Қызылжар тұрғындарын Қадір түнімен құттықтауға облыс әкімі Айдарбек Сейпелұлы қатысып, аймақ тұрғындарына құттықтау лебізін жеткізді.
Содан кейін тарауық намазы оқылып, Хатым дұғасы оқылды. Бір ай бойы хатым оқыған қариларға сый-сияпат жасалды.
Бір ай бойы хатым оқыған қариларға сый-сияпат көрсетілді.
Осы күні жамағатқа бірнеше уағыздар айтылып, құлшылық маңыздылығы түсіндіріліп, Қадір түнінің ерекшеліктері мен артықшылықтары насихатталды.
Қадір түнінде мешітке жиналған халық саны көп болды. Жамағатты сергіту, олардың діни іліміне шыңдау жүргізу мақсатында арнайы викториналық сұрақтар ойыны өткізіліп, жауап берген жамағатқа бағалы сыйлықтар табысталды.
Әйел адамдар жамағаты да бұл шараға қызығушылықпен белсене қатысты.
Қадір түні аясында жамағатқа арнайы сәресі ұйымдастырылып, көпшілік ризашылығын білдірді.«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі