ҚАСИЕТТІ АЙ ҚАРСАНЫҢДА АУЫЛДАРҒА БАРДЫ

Аса ұлық Рамазан айына санаулы күндер қалды. Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар» орталық мешіті қасиетті айдың артықшылығын насихаттап, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айымен құттықтауын, Үндеуін халыққа жеткізу мақсатындағы жұмыстарды әлсіретпей, әрі қарай жалғастыруда. Өткен аптада «Қызылжар» орталық мешіті жанынан құрылған жергілікті ақпараттық насихат тобы аудандарды аралады. Облыстың он үш ауданында екі күн бойы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген мешіт имамдары шеттегі қазақ ауылдарына барып, жамағаттың Ораза туралы сұрақтарына жауап берді. Тұрғындарды Рамазан айында қайырымыдылық, жақсылық жасауға шақырды. Облыс орталығынан әжептәуір алыс орналасқан Уәлиханов, Ақжар, Ғабит Мүсірепов аудандарында қазақ ауылдары көп, олар имамдарға алдағы уақытта да келіп, имандылыққа жол ашар уағыз-насихат айтып тұрсаңыздар, деген өтініштерін айтты.

Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу үшін аудан және қала имамдарымен де жиналыс өтті. «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы бас қосуда аудан мешіттерінің басшыларына қасиетті айдың құрметіне орай қайырымыдылық шараларын өткізуді, тұрмысы төмен отбасыларға, жетім балаларға көмек көрсетуді тапсырды.

Жиналыс соныңда ҚМДБ-ның тапсырмасына орай аудан және қала имамдарының Құран және тәжуид ілімі бойынша білімдері тексеріліп, сертификаттар берілді.

СҚО «Қызылжар» орталық

мешітінің баспасөз қызметі.

1.jpg (640×360)

DSC03728.jpg (640×480)

Return to Top ▲Return to Top ▲