ҚАРИ – ҒАБДУЛБӘРИ ТӨЛЕГЕНҰЛЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылында дінтанушы, ғұлама, қари – Ғабдулбәри Төлегенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті. Онда ақсақалдың балалары мен немерелері, туған-туыстары және көзін көрген замандастары жиналып, естеліктерімен бөлісті.

Ғабдулбәри Төлегенұлы – 1915 жылдың 15-ші қыркүйегінде дүниеге келіп, 5 жасынан шешек ауруына шалдығып, оның кесапаты көз нұрынан айырады. Әйтсе де, Алла тағала оны жанарынан айырғанымен, жүрегіне иман нұрын құйыпты десе дегендей. Ислам дінінің дамуына өзіндік үлес қосқан ғұламаның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында балалары мен немерелері еске алысып, ауыл-аймаққа ас берді. Кеш барысында ұлдарының естеліктерінен жинақталған «Ғұлама ғұмыр» кітабының тұсаукесері өтті. Онда Ғабдулбәри ақсақалдың өмірі суреттелген. Құнды кітап бұл күні кеш қонақтарына  естелікке тарту етілді. Сонымен қатар ақсақал жайында түсірілген бейнеролик те көпшіліктің назарына ұсынылды. Жиналған қауым болса дінтанушы жөніндегі естеліктерін айтып, ол жайлы жылы лебіздерін білдірді. Ғабдулбәри атаны еске алу кешіне «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы да қатысып, ғұламаның өңірдегі дінге қосқан үлесі жайлы ой тербетті. Кеш соңында жиналған жұртқа арнап, Ғабдулбәри атындағы мешітте ас берілді.

 petropavltv.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲