ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешіті  «Біз біргеміз» акциясы  аясында көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жарияланған «Біз біргеміз» акциясы халық арасында үлкен қолдауға ие болып, түрлі қайырымдылық шараларына бастау берді. Қазіргі сын-қатерге толы кезеңде әсіресе көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға жан-жақты көмек қажет. Осыны ескерген қызылжарлық имамдар он шақты отбасы үшін азық-түлік пакеттерін жинап, үйді-үйге жеткізіп берді. Карантин уақытында аса қажетті деп табылатын азық-түлік түрлерімен және балаларға арналған тәттілермен қамтамасыз етілген отбасылар мешіт ұжымына алғыстарын айтты.

Имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жолдаған үндеуін жүзеге асырып, жамағаттың барша әлемді дүрліктірген СOVID-19 жұқпалы індетінен шипа сұрап, ел амандығын тілеп оқыған Құран Хатымына дұға жасады.  Алла Тағала еліміздегі барлық жасалып жатқан Құран хатым дұғаларын және елдің тілегін қабыл етсін!

Return to Top ▲Return to Top ▲