Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Осы мәселе бойынша, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласынадағы №1-ші Қазақ мектеп-интернатының кітапханасында жоғарғы сынып оқушыларымен «Жастар тәрбиесі» тақырыбында кездесу өтті. Әңгіме барысында «Сейдахмет хазрет» мешітінің найб имамы С.Абдазов қазіргі қоғамда болып жатқан мұсылман баласына жат істерді алдын алу үшін сана-сезімі толыққан жастарды дін мен дәстүрімізге тереңірек бойлату керектігін назарға салды. Оқушылар тарапынан имамға әртүрлі мәселедегі сұрақтар қойылып, жауап берілді.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі