«ТЫҒЫРЫҚТАН ЖОЛ ТАПҚАН»

«ТЫҒЫРЫҚТАН ЖОЛ ТАПҚАН»

фильмін біз де тамашаладық

 Петропавлда Елбасының өмірі жайлы баяндайтын «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің тұсауы кесілді. Бұл туындыны «Қызылжар» орталық мешітінің имамдары да тамашалауға мүмкіндік алды. Бір жарым сағаттық картинада болашақ Ұлт көшбасшысының үлкен саясатқа енді араласа бастаған кезеңі суреттелді. Фильмде өткен ғасырдың екінші жартысындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінің еңбекжолы белестері қамтылған.

Киноэпопеяның сценарийі Елбасы еңбектерінің желісі бойынша жазылды. Бұған дейінгі фильмнің бөлімдері «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Теміртау» деп аталған болатын. «Тығырықтан жол тапқан» атты туынды «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі. Фильм алдымен Нұрсұлтан Әбішұлының «Правда»газетіндегі басылған мақаласынан бастау алады. Онда Елбасы металлургия комбинатының кем тұстарын жұрт назарына шығарады. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл ісі бірден Мәскеуге дейін жетеді. Осы қарекеті жас пропкомның өмірін түбегейлі өзгертеді. Айта кеткен жөн, фильм алғашқы минуттардан бастап, тамашалауға келген көрерменді бірден баурап алды.

Кинотуындыда сондай-ақ, Мемлекет басшысының әріптестері, достары мен үзеңгілестерінің естеліктерінен де эпизодтар енгізілген. Бұл фильмді тамашалай отырып, Елбасының өміріндегі өткен қиын қыстау кезеңдерін көруге болады. Сондықтан болар, киноэпопеяның 4-ші бөлімі жастар үшін тәрбиелік маңызға ие.

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің

 баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲