Уалиханов ауданының орталығындағы «Қожахмет Хазрет» мешіті әрқашан белсенді жұмысымен көзге түсіп келеді. Өткен аптада олар №3 мектеп гимназияда «Дінтанудың негізгі және мемлекеттік конвенциялық қарым-қатынас» деген тақырыпта онлайн-семинарға қатысты. Бұл шарада мемлекеттік қызметшілер мен тәртіп сақшылары да төбе көрсетті.
Сондай-ақ осы мешіттің ұжымы ғибадаттың айналасында сенбілік ұйымдастырды. «Тазалық-иманның жартысы» деген деген хадисті ұстанған мешіт ұжымы сенбілік шеңберінде ғимараттың ауласына жас көшеттер отырғызып, имандылық үлгісін көрсетті.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі