«Табиғат — тал бесігің» демекші, мешіт аулаларын, көше бойларын тазалап, ағаш отырғызып, тал-теректерді ақтау секілді жұмыстарды жүргізу облыс бойынша әр мешітте дәстүрге айналып келеді. Осы жылы да Уәлиханов ауданының «Қожахмет хазрет» мешіті «Тазалық күнін» өткізді. Дін қызметкерлері мен мешіт ұжымы қолға күрек-тырмаларын алып, мешіт маңында тазалық жұмыстарын жүргізіп, гүл егумен де айналысты.Өзіне жүктелген жауапкершілікті терең ұғынатын мұсылман жамағаты қала тазалығына үлес қосуды азаматтық міндет деп біледі.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі