ТАЗАЛЫҚТЫҢ САҚШЫСЫНДАЙ СОЛ ЖАНДАР

«Қызылжар» мешітінің сырты қандай сәнді болса, іші де сондай : мұражайды аралап жүргендей әсер аласың. Бұл мешіт әдемілігімен ғана емес, тазалығымен де тәнті қылмай қоймайды. Айнадай жарқыраған еденінен, кілемнен көрінбейтін баспалдақтарынан шаң исі шыққан емес. Мың намазхан бір мезгілде сәждеге бас қоя алатын тұп-тұтас жайнамаз маңдайыңа мамықтай болып тиеді. Міне, осының бәрі осы мешітте еңбек етіп жүрген қыз-келіншектердің арқасында тап-тұйнақтай болып тұр десек, артық емес. Аяқтарының ұшымен жүріп-ақ тазалықты қалт қылмайтын олардың еңбегі кейде елене де бермейді. Жуырда олармен өткізіген кездесу осы олқылықтың орнын толтырғандай болды. Онда «Қызылжар» орталық мешітінің  бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай мен наиб имам Қасымхан Абдуллаұлы нәзік жандарға жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпат көрсетті. Мешіттің қыз-келіншектері еңбектері еленгеніне қуанды, әрине.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

20160309_150558 20160309_15144120160309_151433

Return to Top ▲Return to Top ▲