ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігі, «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті үйдің кілті табысталды.
СҚО-дағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Қасымхан Аблоллаұлы Шал ақын ауданына қарасты Ақсу ауылындағы көмекке мұқтаж отбасыға баспана кілтін табыстап, жаңа қонысымен құттықтады.
Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті кәсіпкерлер атсалысты.Мерейлі іс-шарада үйлі болған отбасы игі жобаның басы-қасында жүрген барша жанашыр азаматтарға және мешіт имамдары мен жамағатқа шексіз ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік бұл – еліміз бойынша беріліп отырған 548-ші баспана.