СҚО бойынша «Зекет» қоры қайырымдылық шараларын жалғастыруда


Шарапаты мол қасиетті Рамазан айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Зекет» қоры «Қызылжар» орталық мешітінің жанында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі, жағдайы нашар, көпбалалы 200 отбасыға қаржылай және азық-түліктер үлестірілді.

Осы игі іс-шараға қолдау көрсеткен барша азаматтарға Алла разы болсын !

Return to Top ▲Return to Top ▲