САУАБЫ МОЛ ІС

         Петропавл қаласының тұрғыны  Сапарәлиев Бегалы Жүсіпбайұлы және ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешітінің мұрындық болуымен жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға дастарқан жайылып, құдайы ас берілді.

         Сауабы мол шараға облыстық жетімдер үйінің тәрбиешілері – Исаева Раушан Сәкенқызы мен Онищенко Елена Юрьевна және 4-ші болашақ жанұяның  тәрбиеленушілері қатысты.

Шарапаты мол ас аясында мешіттің наиб имамы Исаев Қасымхан қажы Абдуллаұлы тартымды уағыз-насихат айтып, жеткіншектердің жүректеріне имандылық нұрын ұялатты.

Екі дүниенің сардары, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)  өзінің хадис шәріпінде: «Кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиген әр шашы сайын жақсылық болады» деген болатын. Мінеки, ата-аналардың аялы алақандарын сағынған жетім балаларға жасаған жақсылықтардың сауабы осынша болмақ.

 «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲