Республикалық ақпарат-насихат тобы – өңірімізде

ҚМДБ-ның бұйрығымен өңірімізге 16-20 мамыр аралығында Республикалық ақпарат-насихат тобының мүшесі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы, «Әл-Әзһар» университетінің түлегі Тағаев Нұрболдың өңірімізде болды. Алғашқы күні «Қызылжар» орталық мешітінің жамағатымен кездесіп, «Ғалымдар – пайғамбарлардың мирасқорлары» тақырыбында уағыз айтты. Келесі күні жергілікті ақпарат-насихат тобымен біріге отырып, Айыртау ауданындағы №164/8 түзету абақтысында діни бағыттағы сотталған азаматтарға «Әбу Ханифа мазһабының өміршеңдігі» тақырыбында уағыз айтты. Сонымен қатар, жат ағым жетегінде кеткен жазасын өтеушілермен жеке сұхбаттар жасап, діни тұрғыда мазалаған сұрақтарына жауап берді.

Сол күні аудан орталығында №1 қазақ орта мектебінде болып, 10-11 сынып оқушыларына «Жат ағымдардың зардабы» тақырыбында уағыз айтты. Одан кейін ауданның орталық мешітінде аудан имамдарымен кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесуда имамның тұлғалық келбеті жайында сөз болды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

20160515_214918 DSC08649 20160430_173839

 

Return to Top ▲Return to Top ▲