Аудандық «Кішкенекөл таңы» газетінің ұжымы, бас редактор Б. Топанбаеваның ұйымдастыруымен аудан әкімнің орынбасары Г. Қойбағарованы, ақсақалдар кенесінің төрағасы С. Калиевті және аудан имамы Ө. Шәкеновті арнайы шақырып, редакцияда кездесу өткізді. Кездесуде 19 ақпан күні Астана қаласында алғаш рет өткен республикалық Имамдар форумы да сөз болды. Аудан имамы осы форумда қабылданған құжаттар, ҚМДБ-ның үлкен жұмыстарды атқара отырып алға қойған мақсаттары жайында әңгімеледі. Сонымен қатар жергілікті белсенділерді Наурыз мерекесімен құтықтады.