РАНТ МҮШЕЛЕРІ ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен дәстүрлі дінімізді халық арасында түсіндіру, төл мәзһабымызды насихаттау мақсатында Діни басқарма жанынан құрылған республикалық ақпараттық-насихат тобы демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысына келді. Қазіргі таңда Астана қаласындағы «Хазрет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев және Алматы қалалық «Нұр Мүбарак» мешітінің бас имамы Құрмет Смағұлов «Қызылжар» орталық мешітінің жанынан құрылған жергілікті ақпараттық насихат аудандарда уағыз насихат жұмыстарын жүргізуде. Олардың жұмысы бір аптаға жоспарланған, осы уақыт аралығында РАНТ мүшелері жергілікті жамағатпен сұхбаттасып, орта және жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесетін болады. Сондай ақ, жергілікті «Қазақстан Петропавл» және МТРК телеарналарының арнайы бағдарламаларына сұхбат бермекші. Дін саласының мамандары өңірімізге сапары барысында түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандармен де кездеседі.

РАНТ мүшесі Құрмет Смағұлов келген күні ақшам намазынан кейін қызылжарлық жамағатқа «Иманның шарттары» тақырыбында уағыз айтты, уағызға 100-ге тарта адам қатысты.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲