«РАМАЗАН КЕРУЕНІ» МАРАФОНЫ ӨТТІ

Кең болсаң, кем болмайсың! Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастырумен  «Берекелі рамазан сыйы» жобасы аясында «Рамазан керуені» марафоны өтті. Сауапты шара барысында жалғызілікті аналарға, тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді. Акция аясында өңірдегі 800-ге жуық шаңыраққа азық-түлік себеттері үлестірілді.

Шара барысында аз қамтылған, көп балалы және жалғызілікті аналар мен әкелерге және қайтыс болған дін қызметкерлерінің отбасыларына да жәрдем көрсетіліп, азық-түлік себеттері үйлеріне дейін жеткізілді.

Қасиетті айдағы қайырымдылық шаралары жалғасын табады. Келесі жұма күні «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» шарасы өтеді. Мұқтаж отбасыларға кез-келген адам көмек қолын соза алады.

Return to Top ▲Return to Top ▲