Пасхамен құттықтады

28 сәуiр күні  Солтүстік Қазақстан облысының өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешiтiнiң бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы және «Қызылжар» қалалық мешiтiнiң бас имамы Исаев Қасымхан қажы Абдұллаұлы арнайы  үлкен православие мерекесі – Пасхамен құттықтау үшін Вознесенский кафедралды шiркеуiне келдi. «Қызылжар» орталық  мешiтінiң бас имамы Дүйсенбай  Кенжетай қажы Байкемелұлы аталмыш мерекеде дінаралық келісім – Еліміздің бейбітшілік пен татулығының кепілі  екенін айтып өтіп, мерекемен құттықтады.

Return to Top ▲Return to Top ▲