НАУРЫЗ ТОЙЫНДА ҚАЗАҚЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛДІ

Дін мен дәстүр жылы аясында биыл Ұлыстың ұлы күнін Ақжар аудандық мешіті де тойлады. Наурыз тойы мұсылман жамағаты үшін өзінше құрметке ие. Үлкен-Қарой» мешітінің ұйымдастырумен қазақша күрес ұйымдастырылды. Спорттық шараға Ұялы, Жанауыл, Жетіүй, Дәуіт, Талшық, Алқатерек, Бестерек ауылдарынан жас спортшылар қатысып, білек күштерін сынады. Ал ересектер арасында өткен Түйе балуан жүлдесіне он үш адам іріктеліп алынды. Жаслан Мусиннің жауырыны жер иіскемей, боз кілем үстіндегі қарсыластарын алып жықты. Оған жүлдеге тігілген қой мен басқа да сыйлықтар берілді.

Ақжар ауданының бас имамы Азамат Бұлхайырұлы Наурыз тойына жиналған жамағатқа төл Жаңа жылдың салт дәстүрімізді дәріптейтін мейрам екенін, ұрпақты ұйымшылдыққа ұйытып, үлкен-кішіні сыйлай білуге тәрбиелейтінін түсіндірді.

2 1

 

Return to Top ▲Return to Top ▲