Қазақ – жеті қат жердің үстін мекендеп, жеті қат аспаннан нұр емген, жеті атаға дейін қан араластырмайтын, жеті қазыналы ел. Әр жетінші күні, яғни жұмада жеті шелпегін таратып, садақа-зекет жасайтын, тапқан несібесін адалымен жейтін дегдар халық екенімізді күллі әлем біледі. Наурыз көже де дәл сондай шартты түрде аталатын жеті дәмнен жасалады
Қызылжар орталық мешітінде осы айтулы күнге орай өткізілген іс-шараның бірі – Наурыз көже дайындау болды. Бұл іс-шара «Әжелер мектебінің» ұйытқысымен, мешіт шәкірттерінің әйел-қыздар секторының қатысуымен жүзеге асты. Наурыз қөже дайындау рәсімін бастан-аяқ баян еткен мешіт қызметкері Роза Үстемірқызы Наурыз көже» тарихы мен көжеге қажетті қоспалардың мән-мағынасын ашып көрсетті. Наурыз көжеден дәм татуға мешіт шәкірттері шақырылған болатын.
Осындай, айтса адамның тәбеті тірілетін дайын болған «Наурыз көженің» дәміне баға беріп, жиналған жастар мен қыз-келіншектерге Наурыздық ыстық ықыласын білдірген «Әжелер мектебінің» төрайымы Ырысжамал апамыз болды.