15 наурызда Қазақ КСР Президентiнiң «Халықтық көктем мерекесi — «Наурыз мейрамы» туралы» Жарлығының қабылданғанына 25 жыл толды, соған орай 22 наурыз мерекелiк күн деп жарияланды.
Бүгiнде Президентiмiздiң сарабдал саясатының арқасында Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқы сенiм мен достық, барлық халықтар, дiндер, тiлдер мен мәдениеттерге құрметпен қарау ахуалында өмiр сүруде.
Наурыз мейрамы көктем, жылулық, жаңару және жасампаздық, бейбiтшiлiк пен игiлiк, барша қазақстьандықтардың туыстас достығы мен келiсiм мерекесiне айналды.
Петропавл қаласының тұрғындары сүйiктi мейрамдарын көңiлдi әрi молынан қарсы алды.
Мерекелiк iс-шараларға Петропавл қаласының дәстүрлi конфессияларының өкiлдерi қатысты. Дiни қызметшiлердi Бақытжан Сәмиева бастаған «Қазақстанның iске әйелдлерi қауымдастығы» ҚБ өкiлдерi қарсы алды. Қонақтарға дәстүрлi «Наурыз көже», бауырсақ, шелпек, тәттiлер ұсынды. Әлбетте, ерекше сый-құрмет белгiсi ретiнде қымыз бен шұбаттың дәмiн татуға шақырды. Мереке шалқыған ән-күйге, жылы-жұмсақтың аңқыған иiсiне және барша қалалықтар мен облыс орталығы қонақтарының айрандай ұйыған ұйымшыл бiрлiгi рухына толы болды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі