МҰСЫЛМАН ДИАСПОРАЛАРЫ АУЫЗАШАР БЕРУДЕ

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам түрлі ұлт өкілдері бар, соның біразы мұсылман диаспоралары. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалында олардың ұлттық мәдени орталықтары жұмыс істейді. «Қызылжар» орталық мешіті олармен бірге ел бірлігін, тыныштығын арттыру мақсатында түрлі игі шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Соның бір дәлелі, Рамазан айында  қаламыздағы мұсылман мәдени орталықтары мешіт жамағатына алма-кезек ауызашар береді. Биыл да игі шара жалғасын табуда. Осы күнге дейін «Қызылжар» орталық  мешітінде түрік, ауған, қырғыз, шешен янгуш, тағы да басқа диаспоралар күнделікті 300-ден астам адамға дастарқан жаюда. Сондай ақ, биыл да облыс кәсіпкерлері, дінге жанашыр азаматтар бірінен соң бірі ораза ұстаушы жамағатқа ауызашар дастарқанын дайындап жүр. Ауызашар  рәсімі әлі де жалғасын таппақ. Мешіттің өзі де жүйелі түрде аз қамтылған адамдарға іңірде ауызашар беруде.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲