Мухаммад Содык – Өзбекстан мен бұрынғы Кеңес дәуірі кеңістігінің ең ірі Ислам ғалымы, 10 наурыз күні, 63 жасында дүниеден озды.
Шейх Мухаммад Содық 1952 жылы Өзбекстанның Андижан аймағында дүниеге келген. 1975 жылы имам әл Бухари атындағы Ташкент Ислам институтын бітіріп, білім алуын Триполидегі (Ливия) «Даъват Исламия» университетінде жалғастырып, оны үздік бағамен бітіріп шыққан. Отанына оралысымен, шейх білім таратуменмен белсенді айналысып, 1989 жылы Орта Азия мен Қазақстанның Бас муфтиі болып сайланды.
Шейх Мухаммад Содықтың Қеңес дәүірінен бастап, Өзбекстандағы соңғы күндеріне дейін Исламға шақыру жолындағы жасаған еңбегі қиын-қыстау заманда өтті. Алайда, қиындықтарға қарамастан, шейх артынан өзінің халқы үшін, ана тілінде жазылған бағасыз да өшпестей мұра қалдырып кетті. Алланың мейрімімен оның көптеген дни еңбектері қазіргі таңда орыс тіліне аударылып, орыс тілді халықтардың мирасына айналуда. Оның еңбектерінің арасындағы ең танымал болғандары: «Тафсир Хилал» – Қасиетті Құранның тәпсір-түсіндірмесі, «Хадис пен өмір» топтамасы – шейх Мансур Әли Насифаның 39 томдық «ат-Таджул джамиъ лил усул фии ахадисур расул» атты еңбегінің түсіндірмесі, «Иман. Ислам. Құран», фиқһ негіздері талқыланған «Усулул фикх» атты еңбегі, «Кифая» – «Мухтасари Викаяның» түсіндірмесі және де басқа да еңбектері.
Ақида, фиқһ сияқты негізгі ислами ғылымдардан бөлек, шейх Исламның рухани негізін құрайтын тасаууф білімін де назарынан тыс қалдырған емес, және де Нақышбандия тариқатының мүршиді бола тұра, осы бағытқа да ғылыми еңбектерінің біразын арнаған. Өмірінің соңғы күндерін, шейх Мухаммад Содық әлемдегі барша мұсылмандардың дни ахуалдары мен мәдениеттерін арттыруға үлес қосып, Ислам ғалымдарының ірі ұйымы – Дүниежүзілік мұсылман үлемдері Одағының хатшылар кеңесі; Меккедегі Дүниежүзілік Ислам Лигасының Құрылтай кеңесі («Рабитатул-Алам ал-Ислами»); Дүниежүзілік тасаууф қауымдастығы, Дүниежүзілік ислам дағуаты кеңесі, Ислам пікірінің Патшалық Академиясы (Иордания), Меккедегі Ислам ғалымдары мен ойшылдарының мәжілісі, Исламабадтағы Дүниежүзілік ислам университеті сияқты, көптеген ұйымдардың жұмыстарына құрылтайшысы мен президиум мүшесі ретінде белсенді араласты.Күмәнсіз, шейх Мухаммад Содық бұрынғы Одақ кеңістігіндегі ислам ғалымдарының арасында, бүкіл әлем мойындаған ең көрнекті де сауаттысы болды. Оның біліміне осы кеңістікте тең келетін тұлға жоқ, әрі жақын арада шыға қоймасы анық. Оның өлімімен, кезінде көздің жауын алған Мвереннахрдың жарқыраған сәулелерінің бірі сөнгендей болды.