«Дінтану негіздері» факультатив сабағы елімізде 2009 жылдан бері оқытылады. Осы күнге дейін 446 білім беру мекемесінің 32 мың оқушысы дін пәнінен дәріс тыңдапты. Облыс ұстаздарының қатысуымен өткен семинарға «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Хамзат Әділбеков қатысып, осы сабақты оқытуда ұтымды әдіс тәсілдерді пайдалану қажеттігін айтты.
«Жат ағымның жетегіне еріп, адасып жүргендер бар. Сондықтан оқушылардың дәстүрлі емес діннің кесірі жайлы ерте бастан білгені дұрыс», деді ол сөзіңде.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен семинарға еліміздің бес жүзден астам тарих пәнінің мұғалімдері жиналды. Олар шәкірттерге толыққанды дінтану ғылымынан сабақ беру үшін дін қызметкерлерінен ақыл кеңес алды.
Мектептерде аптасына бір мәрте оқытылатын дінтану пәнінің жастар арасында құндылығын, маңыздылығын арттыратын әрине, ұстаздар. Сондықтан, тәлімгерлерге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Олар да – жас ұрпаққа адамгершілік, инабаттылық, мейірімділік секілді ізгі қасиеттерді бойларына сіңіру жолында аянбаймыз, деп тарқасты.
СҚО «Қызылжжар» орталық
мешітінің баспасөз қызметі.