Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық «Жұманқожа» мешітінің ұйымдастыруымен, бас имам Сейфулла Байсенбаевтың және өзге дін өкілінің қатысуымен Ялты және Гаршина ауыл мектептерінде 8-11 сынып оқушыларымен және мұғалімдерімен кездесу өтті. Онда экстримизм, терроризм, нашақорлық, маскүнемдік және өзіне-өзі қол салу тақырыптары төңірегінде әңгіме қозғалды. Тартымды өткен кездесуде оқушыларды толғандырған сұрақтарға тұшым жауап қайтарылды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі