МЕШІТТІҢ ЖАНЫНА ШЫРША ОРНАТЫЛМАЙТЫН БОЛДЫ

Шымкенттегі орталық мешіттің жанына шырша орнатылмайтын болды. Жыл сайын Ордабасы алаңына орнатылатын мерекелік шырша жаңадан ашылған Тәуелсіздік саябағына көшіріледі.

Айта өтейік, бұған дейін-де дін өкілдері қалалық әкімдіктен шыршаны өзге орынға көшіруді сұраған болатын. Имамдар шырша маңына келушілер екі жыл қатарынан ислам дініне жат әрекеттер жасайтынын айтқан еді. Шырша жанында ішімдік ішіп, шулап, намаз оқитындарға кедергі келтірген. Сондай-ақ, жаңа жылдық тарсылдақтардың дауысы да мешітке келіп-кетушілерге кері әсер етеді. Ал биыл қала басшылары дін өкілдерінің өтінішіне құлақ асты. Шенеуніктер қоғамдық пікірлерді ескере отырып, шыршаның Тәуелсіздік саябағында тұрғаны дұрыс деп тауыпты.

МҰХАМЕТЖАН ЕСТЕМІРОВ — ОҚО ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ НАИБ-ИМАМЫ:



«Біз үкімет орындарына бір ықпал еттік деп айта алмаймыз. Бірақ осы бізді түсіністікпен толеранттықты сақтай отырып, осындай мәселе көтергендігі үшін біз рахметімізді айтамыз».

Қазір 18 метрлік шырша саябақта тұр. Ал оның ресми ашылуы ертең болады деп күтілуде.

Шымкент
tv7.kz

Return to Top ▲Return to Top ▲