Ораза – Алланы еске түсіріп, жауапкершілік сезімін арттыратын, адамгершілікке тәрбиелейтін және жүректі тазартатын ғибадат. Ол мейірімділік сезімін оятады. Алланың бергенін бағалай білуге септеседі. Адамның денсаулығын шыңдайды. Төзімділікке үйретеді. Күнәні кешіреді. Жұмаққа жетелейді. Қиямет күні арашашы болады. Ораза ұстаған адамның дұғасы қабыл.
ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы күрд диаспора берген ауызашарда айтқан уағызында осының бәрі қамтылды. «Барбанг» күрдтер қауымдастығы филиалы берген ауызашарға 300-дей адам қатысты. Оларды мұсылман диаспораларының жетекшілері қасиетті Рамазан айымен құттықтап, құлышылықтың қабыл болуын тіледі.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі