Бала -ата-ананың көз қуанышы, бауыр еті. Сондықтан кез келген ата-ана ұрпағым иманды, ибалы, ізетті де ізгі болса екен деп армандайды. Ұрпақ тәрбиесіне «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамдары да қолдарынан келгенше үлес қосуда. Жақында облыс орталығындағы Иван Шухов атындағы кітапханада №1 мектеп оқушыларымен өткен кездесуге «Қызылжар» орталық мешітінің найб имамы Қасымхан Исаев қатысты. Ол шәкірттерге рухани, тәрбиелік тақырыптағы ақыл кеңесін айтты. Әсіресе, жат ағымдардың қаупін, ұстаздарды, ата-ананы сыйлаудың мән-маңызы жайындағы әңгімелерді оқушылар ұйып тыңдады.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі